"
Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын жерде көзді ашытатын өткір иісті бұрышты баллонды шашып жіберген. Арбатта қыдырып жүрген адамдар тұншығып, жөтеліп кетті. Қалалық полиция департаментінің өкілдері қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екенін анықтап және оның міндетті түрде жауапқа тартылатынын жеткізді.