"

Ақтауда ер адамның аулада тұрған көлікке секіріп, тепкілеген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырғаны көрінеді. Бұдан кейін ол қашып кеткен.Жергілікті полиция өкілдері құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.Тәртіп сақшылары аталмыш азаматтың үстінен  ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша хаттама толтырған.