Алматыда «Қазақстан-Бельгия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Шараға Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік және жеке шаруашылық субъектілері басшылығының өкілдері мен 20-дан астам бельгиялық компания қатысты. «Бенилюкс» сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаевтың айтуынша, Бельгия Қазақстан үшін Еуропалық одақтақтың негізгі серіктесі. 2023 жылдың қорытындысы Қазақстан мен Бельгияға арасындағы тауар айналымы 523,7 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Қазақстандық өнімдердің Бельгия нарығына экспорты 220,7 млн доллар, Бельгиядан импорты – 303 млн доллар  болды.

ӘНУАР ҚҰРЖЫҚАЕВ«БЕНИЛЮКС» САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ 
«Былтыр Бельгиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,006 млрд АҚШ долларын құрады. 2013 және 2023 жылдың бірінші тоқсаны аралығында ТШИ көлемі 10,2 миллиард доллардан асты. Осылайша,Бельгия Қазақстанның экономикасына ірі инвесторлар тізімінде 6-шы орында тұр.Бүгінгі таңда Қазақстанда 70 бельгиялық компания жұмыс істейді».