Халықтың алдындағы берген уәдеміз орындалуы керек деген Алматы облыстық мәслихатының депутаттары   «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» көшпелі тұрақты комиссия отырысын өткізді.

Қарасай ауданында өткен тұрақты комииссия отырысы  2024 жылдың 1-ші тоқсанындағы Алматы облысы бюджетінің атқарылуы туралы мәселе бойынша   облыстық қаржы басқармасының баяндамасымен басталды. Тыңдалымнан соң депутаттар саладағы игерілмей жатқан қаржы,кетіп жатқан кем кетіктер,құрылыс жұмыстары баяулап жатқан мектептер мәселелерін ортақ талқыға салды.

ҚУАТ БАЙҚОЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Сондай ақ отырыстың күн тәртібі «Газ тасымалдау саласын дамыту»,
Спорт нысандарын, Мәдениет нысандарын, ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы салаларын дамыту мәселерімен өрбіді. Өңірді толықтай жүз пайыз көгілдір отынмен қамту 2030 жылға дейін жоспарланған.Алматы облысында газ жетуі тиіс 294 елдімекен болса, бүгінде оның  67 пайызы қамтылған. Кеген мен Нарынқол өңірі де көгілдір отынмен қамтылмақ. 

РӘКЕШ БАЙЖҰМАТОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс көлемінде деснсаулық сақтау мен білім сондай ақ жол құрлысы саласы бойынша салынып жатқан нысандар аз емес. Біріне қаржы уақтылы жетпей кестеден кешеуілдесе енді бірі қолда бар қаржыны тиісті тәртіппен игере алмай келеді

.Ал депутаттар жауапты басқармаларға сапаға жұмыс істеуге шақырды.Енді халық қалаулылары бақылау жұмыстарын қатаң түрде қолға аламыз деп отыр. 

ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Осыдан кейін депутаттар Қарасай ауданы Әйтей ауылында салынып жатқан 900 орындық мектеп құрлысының басына барды. Мұнда сексен пайыз жұмыс атқарылған. Мердігер кестеге сай жаңа оқу маусымына дейін бар шаруаны толықтай аяқтап ,тапсырамыз деп отыр.