""
Алматыда 25 тамызда сағат 01:36-да Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардың бірінде өрт шықты. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде, ангар типті қойманы ашық жалынның 295 шаршы метрін шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады.Тілсіз жау орын алған жерде өрт сөндірудің екі учаскесі құрылып,апатты ауыздықтау, және басқа қоймаларды қорғап, салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді. Ақпаратқа сәйкес қоймада құрылыс материалдары – ламинат болған.Нысанды электр қуатынан арнайы қызметкерлер ажыратып,өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Өрт сағат 02:21-де 37 минут ішінде ауыздықталып, таңғы 04:40-та толықтай сөндірді.Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 60 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады.
АРМАН МӘКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Өрттің салдары өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейді.Осыған байланысты сабырлы болуды және бетперде тағуды сұраймыз. Тыныс алу органдары аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріледі».