Алматыда үш күн бойы «Тенгриада» қойылымының тұсаукесері болып өтті. Халықаралық "Тенгриада" спектакль-жобасы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және мәдени алмасу жылының аяқталуы аясындағы жүзеге асты. Спектакль халықаралық жоба болғандықтан қойылымда Корея Республикасының актерлары, Республикалық корей театрының әртістері өнер көрсетті.
Айтулы спектакль екі елдің мәдени құндылықтарын біріктіріп, бірлескен рухани және мәдени дәстүрлерінің дамуына ықпал етті. Туынды Кореяның негізін қалаған тұлға Тангунның заманын, сол кездегі өмір мен мистикалық жағдайларды бейнеледі. Поэтикалық сипаттағы бұл қойылымның тарихы тым тереңнен тамыр тартады.Қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырып, өнер сүйер жандардың жүректерінен орын алды.