Ақтауда уланып қайтыс болған балалардың ісі бойынша сараптама қорытындысы әлі күнге дейін шықпаған. Себебі пәтерге жасалған дизенсекция кезінде пайдаланылған препараттың құрамын еліміздегі орталықтар анықтай алмай, сұрақ белгісімен шектеліп отырған көрінеді. Көз жұмған қос сәбидің әкесі Жанболат Келмеденов бүгін оқиға бойынша сұхбат беріп, өзінің талабы мен өтінішін айтты.
Қайғылы оқиға өткен айдың 22-і күні тіркелген еді. Содан бері қара жамылған отбасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық деп отыр. Тас түскен жеріне ауыр. Ішкен асымыз батпай, балаларды сағынышпен еске алып, күн өткіземіз, - дейді Мәриям мен Берекеттің әкесі Жанболат Кемелденов. Ол, кінәлі тарап заң жүзінде жазасын алып, әділдік орнағанын қалайды.
ЖАНБОЛАТ КЕМЕЛДЕНОВ ЖӘБІРЛЕНУШІ: "Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу өте жақсы жүріп тұр. Күмәнім жоқ тергеушілерге. Бәрінің қолының жіпсіз байланып тұрғаны удың составын анықтай алмай отыр. Приблизительно біліп тұрғанымен как положенно медицина жағынан қорытынды шығартып алу керек дейді. Бірақ сонда да ол кісі бостандықта жүр. Сол ғой менің айтайын дегенім. Әділдік қайда? Маған әділдік керек".
Жанболат Кемелденовтің айтуынша улы препаратқа Астана және Атырау қаласында сараптама жасалған. Алайда мамандар оның құрамын анықтай алмапты. Көз жұмған қаршадай балалардың әкесі кінәлі тарап әділдік жазасын алсын деген талабын айтты. Бұдан бөлек улы дәрілердің де қорытындысы тездетіп шығып, жиналған жадығат сотқа жолданса екен дейді. Қазір тергеу жұмыстары бөлім басшылығының тікелей қадағалауында. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 304 бабы, 3-ші бөлігімен іс қозғалған.
МАҚСАТ МОЛДАБАЕВ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ: "Бұл дерек Ақтау қаласы, ПБ ҚР ҚК 304-і бабының, 3 бөлігімен көп адамның өліміне қатысты санитарлық және гигиеналық талапраы нормаларын бұзу бойынша сотқа дейін тергеп, тексерудің бірінғай тізіліміне тіркелді. Аталған дерек бойынша тиімті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сараптама қорытындылары дайын емес. Сараптама қорытындылары дайын болғаннан кейін, істің қатысушыларына қатысты бұлтартпау шарасы санкциялау мәселелері қаралатын болады".
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай 22 қазан күні тіркелген еді. Қандаладан құтыламын деп үйін белгісіз препаратпен дизенсекция жасап кеткен тұрғынның кесірі көршісіне тиген. Нәтижесінде бір үйдің қос сәбиі уланып көз жұмды. Біреуі 10 айлық болса, екіншісі екі жарым жаста. Қалған бір отбасының 5 мүшесі ауруханадан бір ақ шыққан болатын.