Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың перзентханасында үшем дүниеге келді. Бүгін екі қыз және бір ұлды аман-есен босанған бақытты ана Шолпан Мамашеваны жақындары Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасынан шығарып алды. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
«Жамбыл ауданының жұртшылығының атынан... қосып жатқан үлестеріңіз үшін мың да бір алғыс айтқым келеді».
32 аптасында сәбилер 2170, 1490, 1900 грамм салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері сәбилердің жағдайы ауыр болып, инвазивті емес SIPAP аппаратында жатты. Тек жетінші күні көпбалалы ана өз балаларымен қайта қауышты.
ҰЛТАЙ ДАУЫЛБЕКОВНА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Жылына бір рет осындай қуаныш болады. Бізге де қуаныш. Оны босандырып алу бір бөлек, екінші жағынан бұларды кішкене адам қылу керек. Соған да қаншама жұмыс жасадық. Бірақ, Шолпанға рақмет! Бізге сенді. Бәрі жақсы болады дегесін, бәрі жақсы болды».
Сегіз баланың ата-анасы атанған Шолпан Мамашева мен Жарқын Бағлаев қыздарының есімдерін - Ділнәз және Гүлнәз деп қойды, ал ұлдарының есімін Темірлан деп атауға шешім қабылдаған. Бақытты жанұяның балаларының алды 5 сыныпқа, арты балабақшаға барады.
ШОЛПАН МАМАШЕВА ҮШЕМДЕРДІҢ АНАСЫ «Менің денсаулығым бұрынғыдай болмаған. Өйткені көпбалалы анамын. Бірақ, соған қарамастан ол кісілер маған көмектесіп, кесір арқылы балаларымды аман алып қалды. Барлығына рақметімді айтамын! Алла разы болсын! Сіздерге жұғысты болсын! Үміт еткен адамдардың барлығына жұғысты болсын!»
Айта кетейік, батыр анаға дәрігер ұжымы қаржылай көмек көрсетсе, жас отбасына көмек ретінде Жамбыл ауданының әкімі кішкентай періштелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге уәде берді. Сонымен қатар, 2023 жылы Алматы облысында 26 825 бала дүниеге келген.