""
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы хайуанаттар бағында пресс-тур өткізді. Онда журналисттер жануарлардың қалай тамақтанатынын көріп, олардың қамқоршыларымен танысып қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ:
Алматы қаласында орналасқан хайуанаттар бағының жер көлемі 26,6 га жуық. Мамандардың айтуынша, саябаққа Еуразия, Орталық Азия, Африка, Арктика сынды көптеген ірі мемлекеттерден аңдар әкелінген.
СЕЙІЛХАН АҚЫЛБЕКОВ АЛМАТЫ ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Биылғы жылы бізде аңдардың 362 түрі бар. 4900 жуық бас бар. Негізінен 7 бөлімге бөлінеді. Олар: жыртқыш аңдар, құстар, экзотикалық құстар, приматтар бөлімі, тұяқтылар бөлімі, аквариум, экзотариум. Зоопаркте 273 адам жұмыс жасайды. Оның 70%-ы жұмысшылар. Олар аңдарға қарайтын киперлер, құрылысшылар, аула тазалаушылар».
Айта кетейік, осы жылы саябаққа көптен күткен франциялық сусамырлар жеткізілген. Олар күніне 35-40 келі тамақпен қоректенеді. Былтыр аңдардың 21 түрінен 71 бас төл алынса, биыл осы айтылған 365 аңдардың 35-нен 97 төл алынған. Сонымен қатар, хайуанаттар бағында 4 көлшік бар. Оларға биыл күзде арнайы су тазартатын қондырғылар орнатылған. Мамыр айының басында суға 3000 жуық майшабақ жіберілген. Олар 2 жылдың ішінде 35 см дейін жететін болады. Салмақтары 500-700 гр аралығында болмақ. Бұл майшабақтар ақ аюларды, пеликандарды және жыртқыш құстарды қоректендіруге қолайлы болмақ. Саябаққа кіру құны – ересектерге - 800 теңге, 7-12 жас аралығындағы балаларға – 300 теңге. Қазіргі уақытқа дейін саябаққа 750 мың адам келген. Келушілер қатарында туристер де жетерлік.
РЕСЕЙЛІК ТУРИСТ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Ресей мемлекетінің азаматтарымыз. Біз Алматының әсем табиғаты мен оның үлкен хайуанаттар бағын көру үшін, Дубай қаласынан келдік. Мен көптеген хайуанаттар бағында болдым. Бұл жер Ресейдегі саябақтарға ұқсайды. Сондай әдемі әрі үлкен. Алдағы уақытта, тағы да жануарлар түрін көбейтуге болады деп ойлаймын. Осы орайда тур ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Солардың арқасында саяхаттап, көрмеген ғажайыптарды көрудеміз».
«ULUSH TRAVEL» ТУР-АГЕНТТІКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Қырғызтан мемлекетінің «ULUSH TRAVEL» компаниясының қызметкерлеріміз. Біз бұл хайуанаттар бағына жиі туристерді алып-келіп тұрамыз, себебі оларға бұл жер қатты ұнайды»
Еске сала кетейік, бүгін саябақта «Қарбыз науқаны» басталды! Енді, саябаққа кірерде билет орнына дарбыз өткізіп, өзіңіз таңдаған жануарды қоректендіре аласыз. Науқан – 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
КҮЛЗИНАТ КӘДІРБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мынау сабақтан алдын барлық балдарымыз, қыздарымыз зоопаркке келіп, тамашалап, көңілдерін көтеріп. Енді, құдай қаласа 9 ай оқимыз деп, мына осы зоопарктен дер кезінде қанша жәндіктерді тамақтандырып, осыны қыста жауратпай, жазда ыстықтатпай өстіп бағып отқан азамат, азаматшаларға мың да бір рақмет!»
МАЛИКА ЖАЛҒАСБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Біз Қызылорда қаласынан, Алматы қаласына қонаққа келген болатынбыз. Зообаққа келдік. Өте керемет іші. Ерекше жануарлар бар екен. Біз көрмеген. Біз Шымкентте көргенбіз. Бірақ, ояқта жоқ жануарлар да бар екен. Бізге ұнады. Әсіресе, балаларға. Керемет! Келулеріңізге кеңес беремін».
Келесі жылдан бастап, саябақта 4 гектар жер көлемін алатын ауқымды құрылыс жұмысы басталмақ. Жоба жоспары бойынша, арнайы аңдарға арналған жылыжайлар мен ас дайындайтын бөлім салынбақ. Сметалық жобаның құжаттары аяқталса, жұмысшылар келесі жылдан бастап іске кіріспек.