""
Еуропадағы Google және Tiktok тәрізді ірі компаниялар Ғаламторды зиянды ақпараттардан тазалау үшін белгілі бір шешімдерді қабылдауға мәжбүр.
Ғаламтор пайдаланушысының қауіпсіздігі жайында Еуропалық комиссия жаңа цифрлық ережелерді енгізуде. Осылайша, геноцидті немесе анорексияны насихаттау сияқты заңсыз деп саналатын болмаса платформаның қызмет көрсету шарттарын бұзатын мазмұнды таратуға жол бермейді.Әлбетте, бұл ережелер еуропалықтардың жеке өмірі мен сөз бостандығы туралы құқығын қорғауға тиіс.
ДЖУЛИАН ЯУРШ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНЫ: «Бәлкім, тұтынушылардың ойынша, ендігәрі онлайн-платформалар ережелерді орнатпайды. Бірақ та бүкіл Еуропалық Одақ үшін ережелер бір.»
Еуропалық комиссия осы жаңа ережелерді сақтауға мәжбүр 19 ірі платформаны таңдаған.Солардың ішіне Aliexpress, TikTok, App Store, YouTube, Google Play, Pinterest, Wikipedia, Snapchat, LinkedIn, Booking.com және де Twitter кірген.Қоса кетсек, енді ғаламторда заңсыз онлайн мазмұнды және күмәнді өнімдерді белгілеу мүмкіндігі пайда болды. Тұтынушы белгілеген қателерді жоғарыда айтылып кеткен компанияларға түзеуге немесе өшіруге тура келеді. Amazon және Zalando неміс сән сатушысына жаңа шектеулер ұнамай, осы жағдай үшін сотқа берді.
ОРЕЛИ КОЛЬЕ ZALANDO ӨКІЛІ: «Егер сізде заңсыз мазмұн немесе заңсыз өнімдер қаупі нөлдік болса, сіз жай ғана қоғамға қауіп төндіретін платформалар санатына жатпайсыз.Заландо оған қатысты емес.»
Егер компаниялар жаңа ережелерді бұзса, олар әлемдік табысының 6% көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Яғни, бұл миллиардтаған еуроны құрамақ.