"

Алматы қалалық мәслихаты қоғамдық көліктердің жаңа тарифтерін бекітті. Енді автобустарда жол жүру ақысы 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңа тариф 10 күннен кейін күшіне енеді. Әкімдіктің мәліметінше, жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін жол жүру ақысы төлемнің 50 пайызына тең.

АСҚАР КЕМЕҢГЕРҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жол төлемін нақты тарифке де    йін көтеру қала тұрғындары үшін қымбат болады. Сонымен қатар, қала бюджетіне жүктемені азайту қажеттілігі бар. Осыған байланысты қала әкімдігі жол жүру құнын 120 теңгеге арттыру туралы қаулының жобасы әзірледі». 

Депутаттардың шешімімен енді жол жүру ақысын қолма-қол төлеу алынып тасталды. Төлемнің қолма-қол ақшасыз жасалуы — жүргізушілердің жұмысын жеңілдетеді, оларды алаңдататын себептерді азайтады. Оған қоса, төлеу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, болашақта субсидия көлемін азайтуға мүмкіндік береді дейді депутаттар.