"

Бүгін таңғы уақыт 07:00-ден бастап оңтүстік астанамызда жаңбыр жауа бастады. Осыған орай Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мәліметтер бойынша қалада 9 мм мөлшерде жауын-шашын түскен.Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол мамандары жұмылдырылды.

«Алматы Тазалық» МКК күшімен құлаған бұтақтан арық өткелдері тазартылу жұмыстары атқарылды.Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түскі уақытқа дейін жаңбыр жауады деп болжам жасалған болатын.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі,5 мекенжайы бойынша жеке сектор аумағын су басу фактісі тіркелді.