-"

Бразилияның Амазонас штатындағы ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Ол басқада ондаған ауыл сияқты қатты құрғақшылықтан зардап шекті.

Жан-жақтан жіберіліп жатқан көмектерді трактормен алып келуде. Себебі, жергілікті өзен құрғап қалған.

НЕЛЬСОН БРИТУ МЕНДОНСА – АУЫЛ ҮЛКЕНІ: "Біз бүтін бір әлемнен оқшауланып қалдық.  Мен тұратын жерге қайықтар әлі де келе алмайды. Тек трактормен немесе жаяу жүріп қана жетуге болады".

Бразилия үкіметінің мәліметінше, Амазонас штатындағы 62 қаланың 60-ы құрғақшылық пен орман өрттері салдарынан төтенше жағдай жариялаған. Айдың соңына дейін жағдай өзгермейді деп күтілуде.

ХОСАНА МЕНДОНСА – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:"Азық-түлік сатып алу қиын. Егер бұл құрғақшылық ұзақ уақыт болса, онда мұндай проблема бізбен айларға қалады. Жағдайымызда нашарлауы мүмкін".

Азық-түліктерді Амазонияның тұрақты даму қоры мен «Амазонканың климаттық альянсы» жеткізуде.

ВАЛЬКЛЕЯ СОЛИДАДЕ – КӨМЕК ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Қазір адамдардың өздері өндірмейтін нәрселерді алуы қиын. Бұл тамақ пен дәрі-дәрмек. Ауруханаға бару қиын болғандықтан, көптеген адамдар ауырудан қорқатынын естідім ".
 
Белсенділер құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардың картасын жасайды. Оларға тамақ, су, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті заттар әкелінеді.

ЛУСИАНА ВАЛЕНТИН – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: "Базалық медициналық қызмет те жоқ. Ал біздің балаларымызда жиі диарея, құсу болады және судың салдарынан дене қызулары  көтеріледі ".

Әлемдегі ең ірі тропикалық орман тарихи құрғақшылыққа тап болды. Ғалымдардың пікірінше, оған Эль-Ниньо феномені себеп болған.