"

Газа аймағындағы ауруханада палестиналық лаңкестік топ шығарған зымыранның кесірінен жарылыс болып, жүздеген адам қаза тапты.  Бұл туралы Израиль әскерилері хабарлады.

Хамас басқаратын газа секторының денсаулық сақтау министрлігі Израильді әуе шабуылын жасады деп айыптап, оқиғаны «сұмдық қырғын» деп атады. Соңғы мәлімет бойынша,  әл-Ахли ауруханасында болған жарылыстан кем дегенде 500 адам қаза тапқан. Израиль күштері Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған радикалды палестиналық ұйым - «Ислам жиһадына» кінәлі деп отыр. Олардың  Хамаспен көптеген мақсаттары мен көзқарастары бір. Сирияға қарсы позицияны ұстанады. Аурухана   лаңкестердің нысандарына жоғары дәлдікпен соққы беретін Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан.   Интернетте ауруханадағы жарылыс кадрлары, отқа оранған ғимарат және қаза тапқандардың, соның ішінде балалардың көптеген денелері жатқан видеолар таралды. Көптеген жаңалықтар агенттіктері бұл Израиль тарапынан болған әуе шабуылдарының нәтижесі екендігі туралы Хамас алға тартатын нұсқаны қолға алды. Бірақ егжей-тегжейлі мағлұматтар, соның ішінде әскери ұшқыштардан аэрофотосуреттер келіп түскен кезде оқиғалардың нұсқасы өзгере бастады. Бұл кадрларда зымыран ауада жарылып, одан кейін оның сынықтары төмен түсіп жатқаны көрінеді.  Израиль қорғаныс әскерінің хабарлауынша, әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдары деректерді тексермей ақпарат жариялауға асыққан.
 
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ – ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «ЦАХАЛ жедел жүйелеріне жасалған талдау көрсетіп отырғандай, террористер Газа секторындағы Ахли ауруханасына жақын жерде зымыран шығарған. Барлау Газадағы ауруханаға соққы берген зымыранның сәтсіз ұшырылуына «Ислам жихады» жауапты екенін дәлелдеуде».
 
Израильдің мәліметінше, Израиль қауымына шабуыл жасаған кезде 1400-ге жуық адамды өлтірген Хамас террористік тобының содырлары Газа тұрғындарын тірі қалқан ретінде пайдаланады. Шабуылдан кейін Хамас күн сайын Израильдің түкпір-түкпіріндегі қалаларға бағытталған зымырандарды ұшырды. Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштерінің қарсы әуе шабуылдарынан кем дегенде 2778 адам қаза тауып, 9700 адам жарақат алған.