"

Алатаудың баурайынан орын тепкен ару қала Алматы туған күнін атап өтті. Мерейлі мерекесін жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойлауды дәстүрге айналдырып келеді. Соның бірі-«Алматы аялдамасы» атты жоба өз жұмысын жалғастыруда.  

Мерекелік іс-шаралар аясында оркестрлер, театр артистері, танымал әншілер қала ішінде арнайы автобуспен жүріп өтеді. Олар аялдамаларға, көпқабатты үйлердің ауласына және ашық алаңдарға тоқтап, тұрғындарды кереметтей ән-шашуларымен таңғалдыруда.

ЛАУРА МЫРЗАХМЕТОВА КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТРИСАСЫ:  «Бұл шара Алматы қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, қолдауымен болып жатқан іс-шара.Алматы аялдамасы мобильдік концерті деп аталады. Яғни бұл шараны біз 5 күн қатарынан қаланың әртүрлі нүктелерінде, парктерде көпшілік қауім жиналатын жерлерде 5-6 сағатқа дейінгі концерттерді қойып жатырмыз.Бұл іс-шараның мақсаты халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау жәнеде халыққа өзіміздің өнерімізді паш ету».

НАРИМАН ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: « Мінекей бүгін Автобус аялдамасы аттты іс-шара осымен 5 күн қала ішін аралап, осындай кереметтей күйден, әннен шашу шашып халықтың көңіл-күйін көтерудеміз. Бұндай іс-шаралар жиі болып тұрса мен ойлаймын халықтың көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі болады және барша қала тұрғындарын , Алматы қонақтарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз, істеріңізге береке тілейміз».  

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.