Еліңе еңбек етсең есте қаласың,жақсылығыңды жұртың ұмытпайды. Өмірден озсаң да,атқарған ісіңді ұлықтайды. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында еңбектің ері болған Тұрсынбай Ахметовты еске аулға арналған шара ұйымдастырылды.
Тұрсынбай Сейітжапарұлы еңбек жолын 1967 жылы қарапайым колхозшы қызметінен бастап,Ұзынағаш елдімекенінің директоры, кейінірек өзге де маңызды лауазымдарды басқарған ел жанды азамат болған.90-жылдардағы тоқырау заманында,халықтың жанынан табылап халықтың бірлігін,жарасымды тірлігін сақтай білген. Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталды. Ер есімі,ел есінде.Ауылдық ағайындар бас қосып, марқұмның құрметіне ас беріп, ұлттық спортымыз бәйге ұйымдастырды.
ДҮЙСЕНХАН ЕКЕЙБАЕВ ШИЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
ӘДІЛЖАН ҚАПАРҰЛЫ ШИЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Суықсай жотасының баурайында орын алған бәйгені сағынған жұрт қиқулатып шабандоздарға дем берді. Ұлттық спортымыз салтанат құрған шарада тай,құнан,аламан жарыстарында сәйгүліктер сынға түсті. Төрешілер мәре сызығына қарай құлаш ұрған тұлпарларды мүлт жібермей бақылап тұрды. Тұрсынбай ақсақалдың құрметіне ұйымдастырылған бәйгеде бақтарымен баптары жанған шабандоздарға бағалы сыйлықтар тағайындалды. Аламанның алды болған шабандоз нива автокөлігін тақымдаса,тай мен құнаннан алғаш келгендер ақшалай сыйлықтарға ие болды.