«Таза энергия». Осындай тақырыпта Астана кітапханаларында кітап көрмесі ашылды. Шараның негізгі ұйымдастырушалары Астана қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы. Аталған шара бір күндік емес. Көрме бір ай бойы кітапхана оқырмандарына қолжетімді болады. Кіру тегін. Сондай-ақ, бүгін кітапхана оқырмандарына «АЭС: ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ» атты 20 минуттық фильм көрсетілді. Ондағы мақсат – атом электр станциясының алдағы жұмысы туралы кітапхана оқырмандары назарына толыққанды ақпарат ұсыну. Халық арасында таза энергия өндіру жолы АЭС туралы үстіртін әңгімелер айтылғанмен, ғалымдар дәлелдеген, ғылыми еңбектер мен деректі фильмдер айтарлықтай көп емес. Сондықтан, ғылыми тұрғыда дұрыс түсінік қалыптастыру үшін осы деректі фильмді арнайы көрсеттік дейді ұйымдастырушылар.
АСУАН СИЯБЕКОВ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ «Бүгінгі іс-шара өте ерекше. Бұндай шара бұрын-соңды болмаған. Кітапханада «Таза энергия» тақырыбындағы мәселелерді көтеру. Тек қана таза энергия айналып келіп физика, экологияға тіреледі ғой. Ғалымдардың еңбектері тек қана жазылған кітаптар ғана емес, ішінде экологиялық тұрғыда, қоршаған ортаны бағалау бойынша элементтерді алып қарасақ пайдалы білім алуға болады. Көрме бір ай көлемінде жүреді. Келем деушілерге есік ашық. Келіп білім алсаңыздар болады».