Балалар жазушысы, ақын,сценарист  Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі ел өңірлерінде әлі де жалғасуда. Бүгін Алматыда белгілі қаламгер құрметіне арналған 3 кітаптың тұсауы кесілді. Мазмұнды еңбек «Атамұра» баспасының қолдауымен оқырманға жол тартып отыр. Толығырық тілші бейнематериалында.

Шығармасында “Өлгендер қайтып келмейді”деп күрсініп, бірақ өлместей етіп қайта тірілткен қаламгердің туындылары ел жадында мәңгі сақталған.  Айтулы еңбектері әлемнің көптеген тіліне аударылған Бердібек Соқпақбаевтың есімі күллі түркі елдеріне мәлім. Жазушының мерейтойына арналған іс-шарада әдебиет танушылар мен әдебиет сүйер жастар бас қосты. 

ҚҰЛ-МҰХАММЕД РАҚЫМҒАЛИ «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫ ЖШС ПРЕЗИДЕНТІ;  «Біз де осы 100 жылдықтың көлемінде баспагер ретінде ол кісінің бірнеше кітабын шығарып жатырмыз.Дәлірек айтқанда, «Менің атым- Қожа» 2 тілде, және «Балалық шақа саяхат» қазақшасы шықты жақын арада орысша нұсқасы да шығады.    Және біз бұл кітаптың соңғы нұсқасын бірнеше данамен шығарып отырмыз.Бұның ерекшелігі- біз бұған арнайы тапсырыс беріп, мұқабаға кинофильмнен және балалық шаққа саяхатқа  лайықталып, мұқабасында безендірдік, бір сөзбен айтқанда, ішкі мазмұны қандай тартымды болса, кітаптың мұқабасы да сондай деп ойлаймын.»

Баспагерлердің айтуынша, қаламгер шығармашылығы қай заманда болмасын өз құндылығын жоғалтпайды. Қазіргі таңда да оқырмандар асқан қызығушылықпен оқиды. Айта кетейік, бұл кітаптардың орысша нұсқасын жазушының туған қызы Самал Бердібекқызының өзі аударған.

САМАЛ СОҚПАҚБАЕВА   Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ; «Мен ойлаймын бізге жасаған құрмет емес,ол ең бастысы менің әкеме көрсетіліп отырған құрмет Атамұра баспасының, бүкіл халқымызға беріліп отырған марапат.Сондықтан әкемнің кітаптары осы күнге дейін ешқандай үзіліссіз басылып, баспалардан шығып, оқырмандардың көңілдерінен шығып жатқаны мен үшін үлкен бақыт,ол әрбір жазушының мақсаты, арманы.Бүгінгі  мынау Атамұра Мен ойлаймын біздің елімізде ең сондай беделді, ең халық жақсы көретін баспа. Сондықтан бүгінгі шараны өте жоғары деңгейде өткізді деп айта аламын, көп-көп рақмет, алғысым шексіз». 

Классик жазушының  шығармалары тіпті француз тілінде екінші рет басылып отыр.  Оның мәңгі өлмес туындылары жас ұрпақтың жүрегін тербеп, жанына рухани азық берері сөзсіз.