Бүгін Астанада, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» конференция ұйымдастырылды. Комиссия осы мәселеге үшінші рет қайта оралып, елде арнайы заң қабылданды.
Адам саудасы адам құқықтарын бұзудың ең сорақы,осал түрлеріне жатады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген арнайы заңға биыл 5 шілделде қол қойылып, 5 қыркүйектен бастап күшіне енген болатын.
МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бұл заң өте сапалы. Барлық мемлекеттік органдардың құзыреттері нақты белгіленген. Міне, халықаралық ұйымдар, барлығы үшін, өз ұсыныстарын тағы да белсенді түрде жасады.Оның ішінде Құқық қорғау нормалары, қылмыстық жауапкершілікті күшейту, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау. Ведомствоаралық ынтымақтастық атап көрсетілгені аса маңызды, біз өз бөлімшелерімізді арнайы белгілейміз, ең бастысы жүйелі маңызды заң қабылданды».
Қазақстан адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы болып табылады, оның 13-і құлдықтың қазіргі заманғы түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты.Жыл сайын ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғаған. Айтулы мәселе бойынша, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мәлімдеме жасады.
ШЫНАР КӨШЕРБАЕВА, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы жылдың өткен кезеңінде 134 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде: органдар саудалағаны үшін – 15 іс; адамды қанау мақсатында ұрлағаны үшін – 2; қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 3; адам саудасы үшін – 15; кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 12; кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін – 3; жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 7; притон ұйымдастырғаны және жеңгетайлық жасағаны үшін – 77».
Бұдан басқа, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін әдейі үй-жайлар беру бойынша 649 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, жалпы сомасы 155 млн теңгеге айыппұл салынған.Сонымен қатар, заңды әзірлеуге БҰҰ мен Үкіметтік емес ұйымдар да белсене қатысып, жергілікті өкілдіктер ретінде адам саудасының құрбандарымен тікелей жұмыс істейтіні хабарлады.