"

 «ИННОПРОМ. Қазақстан». Осындай атаумен Астанада халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Бүгін 4 елдің: Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары сол көрмені аралап көрді. Онда ауыл шаруашылығы техникасынан бастап,  автомобильдер, мұнай-газ, тау-кен, бақылау-өлшеу аспаптары, тыңайтқыштар және тағы да басқа өндірушілердің өнімдері қойылған. Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысып жатыр. 

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстан бұған дейін Ресей Федерациясында дәстүрге айналған «Иннопром» жұмысына белсене қатысып, өзінің заманауи технологияларын ұсынып келеді. Біз бүгін  көрмеге қатысушыларлды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл сөз жоқ Қазақстандық бизнесті іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нағайтуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын білдіреді. Қазіргідей жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын қатерлер артып келе жатқан уақытта осындай формат орнықты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастықты және алдымызда тұрған шараларды бірлесіп шешуге ықпал етеді».