"
Батыс Қазақстан мен Атырау облысына су тасқыны кесірін тигізссе, Маңғыстауда Атамекен ауылындағы мыңнан аса үйді жер асты суы алып жатыр. Кәдімгі жер түбіндегі көзден көтеріліген ылғал үйдің ішіне кіріп, құдық пен сырттағы дәретханаларды толтырып тастаған. Жаңбыр жауған күндері төбеден түскен жауын мен жер астының суы тоғысып, көше мен аула лық толады екен. 2016-шы жылдан бері шешімін таппаған мәселені жергілікті билік білетін көрінеді. Бірақ, нәтижие жоқ.
Бұл Ниязбай Отарбаевтың ауласындағы көрініс. Құдықтың сиқы мынау, лас суға лық толы. Аулаға жиналған жер асты суының деңгейі балтырдан келеді. Зейнеткер қазір баспанасын тастап, қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі ылғал, үйдің ішіне өтіп кеткен. Бірнеше мәрте су сору көлігін шақыртқанымен пайдасы болмаған.
НИЯЗБАЙ ОТАРБАЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:
«Ішіне тұру мүмкін емес. Ылғал, сырост, адам ауру табады мынаның ішінен. Қазір полдан су көтеріліп жатыр. Мен кеттім бұл жерден. Не істей аламын? 2008 де осы үйді салдыққо. 5-6 жыл болды кеткеніме. Үйді келіп қарап тұрамын. Хабар алып тұрамын».
Бұл төртінші сәбиін босануға ай күні жетіп отырған Мөлдір Жылданбаеваның баспанасы. Үйдің іші сыз тартып, қабырғалары сөгіліп тұр. Барар жері, басар тауы болмағандықтан осы үйде тұруға мәжбүр. Мөлдір үш баланың анасы. Кішкентайларын аула ішіне ойнауға жібере алмаймын, - дейді ол. Себебі ойын баласы суға құлап кетема деп алаңдап, көзден таса қалдырмай бағып отыр.
МӨЛДІР ЖЫЛДАНБАЕВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ай сайын су басады үйді. Анау бөлме толы су. Мына полымыз түсіп жатыр. Ағашты бетіне қойдық. Кателды цементпен бітедік. Суды сатып аламыз. Құдығымыз былғанып кетті. Балдар ойнай алмайды есік алдына»
Ал мынау ауылдағы мектептің маңы. Айналасы батпақ болып кеткен. Қамыс өсіп, шыбын-шіркейлер жиналған. Тұрғындар осы жер асты суы ауладағы құдық пен әжетханаға дейін өтіп кеткенін айтады.
ТАҚТАГҮЛ ӨТЕМҰРАТОВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Үйде су шығып жатыр, су. Полдың асты су, аула су, туалетке адамдар бара алмайды. Сол үшін біз көмек сұраймыз. Телевидениені шақырып жатырмыз. Біздің жан айқайымызды естісін деген үміттеміз. Бізге көмек керек. Бізге канализация керек. Бізге дренажный система керек».
ЖОЛЖІГІТ ИМАШЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ішер суды амал жоқ, бізде былай. Мына орталықтан келетін құдық бар, сулар келетін. Ол күніне 2-3 сағат су береді. Біз оны өзіміздің есік алдындағы құдығымызға құйып аламыз. Одан кейін біз пайдаланамыз. Бірақ, біздің құдықтарымыздың ішіне сол жер асты суымен қосылып, туалеттің, септиктің сулары қосылып, бетімен бірдей болып толып тұр. Бұдан өте үлкен аурулар тарайды. Бізле сол суды ішуден басқа амалымыз жоқ. Сондай суды ішуге мәжбүрміз».
Айтулы мәселеге жауапты аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаевпен сұхбаттастық. Айтуынша бұл жағдай күн тәртібінен түспей тұрған басты проблемалардың бірі екен. Кәріз бен су ағар жүйесін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын күтіп отырғандарын айтты.