БҚО-да өкінішке орай тағы да ана мен бала өлімі орын алды.Қайғылы оқиға Жаңақала аудандық ауруханасында тіркелген.36 жастағы аудан тұрғынының бұған дейін 3 ұлы болған және оларды өзі босанған.Толғағы қысқан жүкті әйелді облыс орталығына жете алмаған соң аудандық ауруханада босандыру туралы шешім қабылданған.Оған кесір тілігі арқылы ота жасалыпты. Алайда келіншек ота үстелінде оянбай, бақилық болған.Сәбиді де құтқарып қалу мүмкін болмапты. Бүгінде қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Мән-жайдың анық-қанығы тиісті сараптамалардан соң белгілі болмақ.
 
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ БҚО ДП БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ