Бүгіннен бастап ауа-райын болжаушы мамандар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өйткені, алда барлық өңірде күн күрт жылып, су тасқыны қаупі жоғары. Қазгидрометтің өңірлердегі синоптик және гидролог қызметкерлері 24/7 кесте бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысында су тасқыны қаупі бар деп болжануда.
Мұндағы су объектілерін бақылау жылдам режимге ауыстырылды. Ал, бүгін республика бойынша 9 гидрологиялық дауыл туралы ескерту жарияланды.