Алапат жалын. Бүгін түнде Астанада резеңке бұйымдарды сақтайын қойма өртке оранды. Қызыл жалын 1000 шаршы метрге жайылған. Бұл нысанда тек резеңкеден жасалған заттар болғандықтан, төтеншеліктерге өртті сөндіру қиынға соқты. Себебі, ондай заттар әдетте жоғары температурада және тез жанады. Сондықтан, жеке құрамнан 61 өрт сөндіруші және 15-ке жуық техника жоғары дәрежелі шақыру бойынша оқиға орнында жұмыс істеді.
НАЗАРӘЛІ СЕЛИМОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «8 сәуір жедел басқару орталығына 22,51 минутта өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы көлемі 1200 шаршы метр. Барлық бөлімшелер үшінші жоғарғы шақыру бойынша көтеріліп, өртке жұмылдырылды. Зардап шекккендер жоқ. Түнгі 1 сағат 34 минутта өрт оқшауланды».