"

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының мамандары мәлім етті дейді «Қазақпарат» агенттігі. Қар құрсауымен, бораннан қиындық көріп жатқан өңірлердің қатарына Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстары кіреді.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 379 бірлік техника және 777 жолшы жұмылдырылды.