Ақ аюлардың тағдыры қазіргі кезде бүкіл әлемдегі ғалымдарды алаңдатып отыр. Олар көбіне суда емес, құрлықта жүр. Бұл ақ аюларға қауіп төндіреді. Аштан қырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат Nature Communications журналында жарияланған.
Зерттеушілер Канаданың Манитобе штатының батысындағы Гудзонова шығанағында 20 ақ аюды үш апта мұқият бақылаған. Аюлардың азық таба алмай қиыналғандарын көрді. Себебі олардың негізгі олжасы – итбалық. Оған жету қиынға соққан.Зерттеуді Вашингтон штатында орналасқан университетке қарасты ақ аю орталығының ғалымдары жүргізді. Олардың деректері бойынша, барлық аю тез салмақ жоғалтқан. Күніне шамамен бір келі.Бақылау үшін бейнекамералар мен GPS орнатылған жағалар пайдаланылды. Белгілі болғандай, аюлар құрлықтан тамақ іздеген. Құс өлексесін, жидектер, балдырлар мен шөп жеген.1980 жылдармен салыстырғанда қазір аюлар құрлықта ұзағырақ уақыт өткізеді. Орта есеппен үш апта. Бұл уақыт үнемі артып келеді.
ЭНТОНИ ПАГАНО ЖЕТЕКШІ ЗЕРТТЕУШІ: «Болашақта климаттың жылынуымен аюлар құрлықта ұзақ уақыт болады. Бұл ұзақтығы әр онжылдықта шамамен 5-10 күнге артады».
Кейбір аюлар жай демалып жатқанда, басқалары белсенді түрде тамақ іздейді. Ұрғашы аю азық табуға уақытының 40% -ын жұмсайды. Сонымен бірге, құрлықтан тапқан азықтары құнарсыз. Яғни, күш жинауға мүмкіндік бермейді.
Ғалымдар қонжықтардың аштыққа ұшырау қаупі жоғары деп санайды .
ЭНТОНИ ПАГАНО ЖЕТЕКШІ ЗЕРТТЕУШІ: «Сонымен қатар, анасының сүтімен қоректенетін қонжықтарда үлкен аюлар сияқты қуат қоры болмайды. Олар аштыққа ұшырау қаупі бар».
Зерттеу жұмыстары климаттың жылынуы аюларға тезірек әсер ететін аймақта жүргізілді. Мұндағы ақ аю популяциясы 1987 жылдан бері шамамен үштен біріне қысқарды деген болжам бар.