Жыл сайын күзде тырналар Солтүстік Еуропадан Венгрияның Хортобадь ұлттық саябағындағы батпақ арасында басқа құрлыққа ұзақ ұшу алдында демалып, күш жинайды.Африкаға ұшуы тиіс  200 мыңға жуық тырналар әзірге Венгрияда қалуды ұйғарған.

АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Мұнда келген құстардың қарасы қалың. Бұған дейін рекорд болып 2018 жылы 160 000 құс келген. Ал биыл олардың түрлері көп. Біз 194 мыңды санадық».

Тырналар Хортобадь саябағында қыркүйектің ортасынан қазан айының соңына немесе қарашаның басына дейін демалатын. Бірақ биыл олардың жолға шығатын түрі жоқ. Үстіміздегі жылы аймақта Қазан айы ерекше жылы болды – температура тіпті 20 градустан жоғары көтерілді. Егіннен кейін егістікте жүгері көп, сондықтан құстардың қорегі мол.

АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ::
«Тағы бір жағдай – оңтүстік желдері. Сондықтан тырналардың оңтүстікке барғысы келмейді, өйткені мұнда азық-түлік пен ауа-райы жақсы».

Саябақ күзетшілері тырналардың қашан кететінін әзірге айта алмайды. Тіпті  олар қыста қалуы да мүмкін.

АТТИЛА СИЛАГИ «ХОРТОБАДЬ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Бұл климаттың өзгеріп жатқандығынан екені сөзсіз. Венгрияның оңтүстік шекарасында қыстайтын тырналарды жиі көреміз».

Тырналар тұқымдасына 15 түр кіреді. Кейбіреулері белгілі бір аймақта тұрақты өмір салтын ұстанады. Ал солтүстікте тіршілік ететіндері күзде оңтүстікке қоныс аударып, сонда қыстайды. Тырналар Антарктида мен Оңтүстік Америкадан басқа барлық континенттерде кездеседі.