Қызылорда қаласының іргесінде орналасқан саяжай тұрғындары өздері мекен еткен аумақтың түйіткілді проблемаларын көтерді. Жол, жарық, жылу, байланыс желісі, ауыз су мәселелерімен облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен шаhар басшысы Асылбек Шаменов саяжай тұрғындарымен кездесті.
«Эдельвейс» саяжайында 1000-ға жуық халық тұрады. Бұл аумақты инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аясында 2021 жылы «Эдельвейс» және «Өркендеу» саяжайларының кіреберіс жолына жарық бағаналары орнатылған. Ал, өткен жылы 4,6 шақырым жерге электр желісі тартылған. Тұрғындар кездесуде жол, газ және жарықтандыру мәселелерін көтерді.
«ЭДЕЛЬВЕЙС» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
АСЫЛБЕК ШАМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі кездесу «Еңбек» саяжайында жалғасты. «Еңбек» саяжайы «Игілік», «Өркендеу» саяжайларынан құралған. Мұнда 700-ге жуық халық тұрады. 2021 жылы 2 шақырымдық 4 көшеге қиыршық тас төселген. Жұмыстар өткен жылы да жалғасын тауып электр және ауыз су желісі жүргізілді. Дегенмен, тұрғындарды толғандырған бір емес үш мәселе бар. Ауыз судың сапасы сын көтермейді. Сонымен қатар, жол мен жылу да өзекті мәселеге айналған.
«ЕҢБЕК» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ал, Тасбөгет кентіне қарасты 4000-нан астам тұрғыны бар «Сабалақ» саяжайында электр, ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапқан. Аумақта ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 3 көшеге асфальт төселген. Биылдың өзінде аталған аумақта 16,5 шақырым болатын негізгі 18 көшеге қиыршық тас төселген. Сабалақтағы ағайындардың ең өзекті бас ауыртар мәселесі көгілдір отын. Қала әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша табиғи газ желісін тартудың жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.
ИНТЕРШУМ: «САБАЛАҚ» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Кездесуге құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары да қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, қала әкімі Асылбек Шаменов саяжай тұрғындары көтерген мәселелерді қарап, арнайы жұмыс жоспары әзірленетіндігін және түйткілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді. Аталған жұмыстардың шешімі уақыт еншісінде.