“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында, қарт Каспийдың жағалауында жатқан 50 тоннаға жуық құрғақ қамыс енді тиімді жүзеге аспақ. Оның екі пайдасы бар. Бірі – өртті алдын алса, екінші жағынан қураған қамыс биогумус пен жабын жасауға қолданылады. Қалған тұрмыстық қалдықтар полигонға жіберіледі.
Тазалық акциясына 20 мыңға жуық адам мен 400 ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Аздаған күннің ішінде 500 тонна қоқыс жиналған. Ал, ақтаулық еріктілер қаладан 36 көлік қураған қамыс шөбін сыртқа шығарған.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда теңіз жағалауында демалып, жаңа жасыл желектердің өсіп бой алуына өзіндік септігін тигізеді. Сол себептен халық осы соңғы өткен сенбілікке 111 организация қатысты және қала тұрғындары өздері ерікті болып келді. Соның өзі қуантарлық жағдай расымен де».
Салтанат Бралина - қызыл құрт арқылы тыңайтқыш өнімін шығарумен айналысады. Ол қураған қамысты калифорниялық құрттарға азық ретінде пайдалануда. Олар жердің құрамын биогумуспен байытып, құнарлы қара топыраққа айналдырады. Нәтижесінде арнайы тыңайтқыш жасалынады.
САЛТАНАТ БРАЛИНА КӘСІПКЕР: «Қамыстың үлкен пайдасы бурттардың ішінде сосын бөлек ағаштарды немесе басқа өсімдіктерді өсірсеңіз, дренаж арқылы жұмыс жасайды. Пайдасы өте көп. Себебі ылғалдығын сақтайды. Жердің ылғалдығын сақтайды».
Қызыл құрттардың өндіріп шығарған тыңайтқыштары базардың сауда әрі сұраныс көзі болып тұр. Себебі, Маңғыстауда егіншілер тыңайтқышқа өте мұқтаж.