Ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесінің» өкілдері «Ана мен бала» орталығындағы жас босанған келіншектерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара Наурызнама тұжырымдамасының аясында ұйымдастырылды.
Гауһар Райханова көпбалалы ана. Жолдасы екеуі 4 қыз, 2 ұл тәрибелеп отыр. Үлкені 6- сыныпта оқиды. Ал кенжесін 17 наурыз «Шаңырақ» күні дүниеге әкелді. 35 жастағы жаңа босанған ана мереке қарсаңында құттықтаған ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесіне» алғысын айтты.
ГАУҺАР РАЙХАНОВА КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Сағат 4 жарымда келіп түстім роддомға. Аллаға шүкір жақсы акушерлердің, мықты дәрігерлердің арқасында сағат 7:15-те балапанымды қолға алдым. Мереке қарсаңында босанып жатқан аналарға барлықтарына балапандарының бауы берік болсын. Мерекелеріміз бітпесін. Әрқашан Қазақстан елінде тек той, думан бола берсін».
Сәби - шаңырақтың шаттығы. Ал ана отбасының ұйытқысы. Осы қағиданы ұстанған ұймдастырушылар бұл күні ана мен сәбиді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетуден бастады.
МАНАРБЕК БИСЕКЕНОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Жас келіншектерді, аналарымызды, жеңгелерімізді құттықтауға арнайы келіп жатырмыз. Барлық депуттар мен әкімдіктің атынан арнайы сыйлықтарымызды жасап, жылы тілек, лебіздерімізді білдіріп жатырмыз. Аналар да көңілді. Біз де ризамыз. Жүрек жарты тілегімізбен құттықтап шығып жатырмыз».
ГҮЛЗИРА ЕСЕТОВА - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ «АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ» ТӨРАҒАСЫ: «Біз жылдағы дәстүріміз бойныша жас босанған әйелдерге, келіншектерге, аналарға келіп өзіміздің құттықтаымызды жеткізіп отырмыз. Барлығына кіріп шықтық. еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, дүниеге келіп жатқан нәрестелер аман болсын».
Осылайша, 25 жас анаға гүл шоқтары, тәттілер үлестіріліп, ал сәбилерге киім дүкеніне сертификат берді. Айта кетейік ұйымдастырушылар жыл сайын перзентханаға келіп, аналарды құттықтауды дәстүрге айналдырған.