21 наурыз түні ел аралайтын Қыдыр атаның қазақ өміріндегі орны қандай? Бұл сауалға этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопайұлы жауап берді. Этнографтардың  айтуынша,  Бақ иесі –  Қыдыр  ата періште бейнесіндегі пайғамбар. «Пайғамбар екі түрлі болады. Біріншісі, пенде бітімді, екіншісі періште бітімді. Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші.Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Сондай–ақ «Көктем ханымы» бар. Ол үлкен түйеге мініп,  шашу шашады. Қазір, сол кейіпкерді  жасау керек», – дейді Болат Бопайұлы.

БОЛАТ БОПАЙҰЛЫ ЭТНОГРАФ