Алматыда Қазақстан Репродуктивті Медицина Қауымдастығының ұйымдастыруымен “Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері тақырыбында конгресс ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта ауқымды мәселе жөнінде мамандардың пікірі қандай? Тілшіміз біліп қайтты.
Конгрессте еліміздің және әлемдік жетекші мамандар бас қосып, Қазақстандағы бедеулік пен репродуктивті денсаулық мәселелерін көтерді. Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО), қосымша репродуктивті технологиялардың (ЖЖТ) қолжетімділігі мәселелері талқыланды.Іс-шараға ЭКО орталықтарының өкілдері, бедеулікті емдеумен айналысатын андрологтар, эндокринологтар, эмбриологтар, Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Түркия және Румыния елдерінің репродуктивті технологиялар саласының мамандары қатысты.
АЙГЕРІМ АБШЕКЕНОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ «2020 жылдан бастап бізде “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылды. ҚР Президентінің бұйрығы бойынша 7000 квота немесе тегін ЭКО жасау бағдарламасы енгізілген, бүгін 3 жылдың нәтижесі талқыланып жатыр.Бүгінгі таңда 21000 бағдарлама жасалған, солардан 7000-ға жуық бала дүниеге келіпті осы күнге дейін»
Бедеулік тек Қазақстанда емес, Дүниежүзінде өзекті болып бара жатқан мәселе, статистикаға сүйінсек, елімізде 12-17% қарай әр төртінші отбасы бедеулік мәселесімен күресіп келе жатыр.
АЙГЕРІМ АБШЕКЕНОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ «Қазіргі таңда бедеуліктің нақты себебіне тоқталатын болсақ, жатыр түтігінің бітелуі және ер азаматтың бедеулігі десек те болады.Алдын алу жолдары- өзін-өзі сақтау, ерте жыныстық қатынас бастамау немесе жыныстық партнерларын қайта-қайта ауыстырмау, инфекция пайда болса тексеріліп тұру, скринингтан өту, жыл сайын инфекцияларға тапсырып, бар ма, жоқ па көз жеткізу. Бар болса, емін алып, және де тамақтану әдет ғұрпы, қазір өкінішке орай семіздікпен күресіп жатырмыз, ол да үлкен кері әсерін береді».
Қазіргі уақытта әйелдермен қоса ер азаматтардың да бедеулігі қатар тұр. Алматы, Астана қаласында клиникалар көптеп кездеседі.Гинеколог мамандар бедеуліктің алдын алу жолдары өзін-өзі сақтау, дұрыс тамақтанып, жыл сайын тексеруден өтіп тұруды барынша қолға алу керек екендігін алға тартты.