"

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Ол Аршалы маңындағы түзету мекемесі болуы мүмкін. Аталған мекеме Астанадан 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты. 

ТЕҢІЗЖАН ЖӘНІБЕКОВ  ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Сотталған азамат таяу арада Астанаға жақын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіледі. Иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Біздің өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК-да ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша жұмыс таба алады. Мұның бәрі қай жерде және қандай бос жұмыс орны болатынына байланысты. Әрбір мекемеде жұмысқа орналасумен тікелей айналысатын жұмыспен қамту бөлімі бар».

Айта кетейік, экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен сотталған еді. Яғни 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша сот оны 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын.