Биыл еліміздің мақтанышы ақын, компазитор Кенен Әзірбаевқа 140 жыл толып отыр. Дара тұлғаның тұғыры жыл өткен сайын биіктеп келеді.Өйткені оның мол мұрасы қазақ өнерінде өміршеңдігімен ерекшеленеді. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Кенен әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарған. Сондай-ақ екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған.Ол ән мен жырдың кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.Тау тұлғаның 140 жылдығына орай, түрлі кездесулер орын алып,әсерлі әңгімелер айтылуда. Бұл жолғы басқосу Алматы облысы Қарасай ауданында орын алды.Шараға Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен анамызбен,ұлы Бақытжан және өзге де ұрпақтары шақыртылған.

ДИНАГҮЛ ӘБДИЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Шарға арнайы келген эстрада мен классика және дәстүрлі әндерді орындап жүрген жұлдыздар Кенен Әзірбаевтың әндерін шырқады.

БАҚЫТЖАН КЕНЕНҰЛЫ