Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында Еуропаның жетекші интервенциялық кардиологымен жүрек тамырларының зақымдануының күрделі формалары – сол жақ коронарлық артерия діңі, жүрек тамырларының кальциленген зақымданулары бойынша шеберлік сабағы өтуде.

ҒЗИ-ның мамандарының сөзінше, коронарография жасау кезінде пациенттердің 10-20% - жүрек тамырларының созылмалы окклюзиясы анықталады. Коронарлық артерияның созылмалы окклюзиясында жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ететін тамыр толығымен жабылып қалады. Яғни, соның салдарынан жүрек жеткілікті оттегін ала алмайды. Бұл өмір сапасының төмендеуі мен ентігуге алып келеді.

ГҮЛНАРА ЕРМАХАНҚЫЗЫ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ-НЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: 
«Бүгінгі өтіп жатқан шеберлік-класс соңғы буын ROTA PRO жүрек тамырларын ротаблациялау жүйесін пайдалана отырып өткізілді. Бұл жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылуда. Бұндай жаңашылдық бізге ең күрделі патологиялары бар науқастарды емдеуге көмектеседі. Коронарлық артериялардың кальциленген зақымданулары және созылмалы жалпы окклюзиялары бар пациенттерге тері арқылы коронарлық араласулар жүргізілді. Осы екі күннің ішінде алтыға жуық пациентке ота жасалды. Сондай ақ, шеберлік класықа Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары қатысты». 

Созылмалы жалпы окклюзиялар мен коронарлық артериялардың кальциленген зақымдануларын емдеудегі жаңа тенденциялар туралы демонстрациялық операциялар мен теориялық сабақтарды өткізумен тәжірибе алмасу мамандарға жаңа жабдықта жұмыс істеуді үйренуге, кәсіби қызметте қажетті дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. 

JULIAN STRANGE БРИСТОЛЬ ЖҮРЕК ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГЫ:
«Коронарлық артериялардың күрделі және кальциленген зақымдануы коронарлық стенттеу кезінде асқыну қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан оңтайлы техника мен құралдарды таңдау бұл процедураның маңызды аспектісі болып табылады. Қазіргі таңда пациенттерге ота жасау үшін ең жақсы мүмкіндіктерді пайдалана алуымыз керек. Сіздермен бірге қол жетімді операцияларды іс тәжірибеде бірге жасадық. Алдымен кальциленген артерияны бұрғылап, содан кейін 6 айдан астам жабылған қоймалық артерияларды аштық. Операция кезінде жылдар бойғы жиналған аурудан біраз асқыну секілді қиындықтар болды. Бірақ, біздің ең басты міндетіміз  пациенттер үшін мүмкіндігінше қауіпсіз ота жасау»

Бірнеше жылдық асқыну ауруларына ота жасатқан пациенттермен де тілдестік. Солардың бірі Татьяна Валентиновна. Оған жасалған операцияға төрт сағат уақыт кеткен.

ТАТЬЯНА ВАЛЕНТИНОВНА ЕМДЕЛУШІ:
«2009 жылы маған жүрек-қан тамырларын айналып өту операциясын жасаған болатын. Одан бері өзімді қалыпты сезіндім. Кейін тынысым тарылып, қан қысымым көтерілетін болды. Кейін, осы жерде тексеріле келе маған операция жасаған кезінде үш шунт орнатылғанын білдім. Оның ішінде тек бір шунт жұмыс істейді де, екі шунт бітеліп қалған. Дәрігерім Алексей Колесниковтың арқасында мен қазір өзімді жақсы сезінемін. Бәрі ойдағыдай өтті. Енді үйге шығатын күнімізді күтеміз».

Сонымен қатар, клиниканың рентгенхирургтары орта қақпақшасының ауыр стенозымен 90 жастағы науқасқа TAVI операциясын жасады. Мұндай науқастарға қолқа қақпағын ауыстыру үшін кардиохирургиялық операциялар жасауға болмайды, өйткені олардың кенеттен қайтыс болу қаупі жоғары. TAVI - қолқа қақпағын жасанды биологиялық клапанмен ауыстырудың заманауи, аз инвазивті әдісі. Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінеді.