Биыл франциялықтар қысты қарсыз өткізіп жатыр. Қазір бұл мәселе Францияға ғана емес, барлық Еуропа елдеріне тән. Зерттеушілердің айтуынша, «Кәрі құрлықтағы» барлық шаңғы демалыс орындарының жартысы қарсыз қалуы мүмкін.

Таза ауада велосипедпен серуен. Францияның Отакам тау шаңғысы курортындағы қысқы демалыс осылай көрініс табуда. Мұнда, Францияның Пиренейінде қарсыз қысты жиі көресіз. Бұл жағдай туристерге бұрынғысынша ұнаса да, курорт қызметкерлері болашақтағы күнкөріс қамын ойлай бастады.

МАРИ-ФЛОРЕНТИНА УЛЕН  КУРОРТ МЕНЕДЖЕРІ "Болашақта мұндай демалыс біздің курорт үшін қыста ғана мүмкін бола ма? Білмеймін, бұл сұраққа жауап беру қиын ".

Мари-Флорентин Юлен - Отакам тау шаңғысы курортының маркетинг және коммуникациялар жөніндегі менеджері. Бұл жерде  жасанды қар  машиналарын  пайдаланбау туралы шешім қабылданды. Ал әлеуметтік желіге енді қар басқан жолдармен емес, шезлонгтар мен барбекюдің суреттерін жүктеп жатыр.

МАРИ-ФЛОРЕНТИНА УЛЕН КУРОРТ МЕНЕДЖЕРІ "Қаңтар айында бізде әдетте қатты қар жауады, бұл бізге ақпанда ашылуға    мүмкіндік беретін. Биыл қар мүлдем жоқ. Біз шаңғы жолдарын екі күнге ғана аштық ".

Келушілер демалыстың баламалы түрлерін тамашалап жатқанда, жергілікті компаниялар кәсіптерін аман қалу мәселесімен бетпе-бет келуде.  Бұл шаңғы мектебі жабық, ал тау шаңғы жабдықтарын жалға беру пункттерінде клиенттер жоқ.

ЖОЗИАН СЕМП ШАҢҒЫ ЖАБДЫҚТАРЫН ЖАЛҒА БЕРУ ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ "Егер осындай маусымдар жалғаса берсе, бізге жабылуға тура келеді. Жұмысысыздың тоқтайтыны анық.  Біз басқа нәрсе туралы ойлануымыз керек".
 
Келушілер жергілікті мейрамханаларда таза ауада тамақтанады, ал қызметкерлер жағымды көңіл-күйді сақтауға тырысып жүр.  Экологтар 2050 жылға қарай Францияның көптеген тау шаңғысы курорттары климаттың өзгеруінің салдарын сезінетінін ескертеді.