Польшалық шаруалар еуропа елдерінің шекараларын жабуға қосылды. Олар өз тракторларын Германияның негізгі өткелдерінің біріне апарды.
ПОЛЬШАЛЫҚ ШАРУАГЕР: «Біз Еуроодақ пен Еуропарламенттің бізге ұсынған жасыл келісіміне қарсымыз. Біз Польшадағы барлық наразылық білдірушілермен, Германиядағы, Испаниядағы барлық наразылықтармен өзіміздің бірге екенімізді көрсеткіміз келеді. Біз шаруалар біртұтаспыз».
Свецконың солтүстігінде А2 автожолының Польша жағында 100 шақты трактор тізіліп, шекараны жауып, Польшаның Слубице қаласы арқылы Германияға қарай бет алған көлік қозғалысын бұзды. Ол неміс Франкфурт- Одермен көпір арқылы байланысқан.
ПОЛЬШАЛЫҚ ШАРУАГЕР: «Қазір бізде ЕО-да астық импортымен өте үлкен проблема бар. Астыққа қатыстының бәрі хаос, баға тұрақсыз. Шаруалар мұнымен тоқтамайтын сияқты».
Жексенбі күні түсте басталған наразылық кешке қарай басқа жолдардағы көлік қозғалысын қиындатты. Биыл шаруалар Еуропа бойынша, соның ішінде, Польша, Франция, Германия, Испания және Италияда наразылықтарын күшейтті. Олар төмен бағалар мен жоғары шығындарға, арзан шетелдік импортқа және ЕО-ның «Жасыл келісім» климатты өзгерту бастамасы енгізген шектеулерге шағымданады. Орталық Еуропадағы шаруалар Еуроодақтың 2022 жылы украиндық азық-түлік тауарларының импортына баж салығын алып тастау туралы шешімінен кейін шетелден , әсіресе, украиндық өндірушілерден келетін әділетсіз бәсекеге наразы. Сондай-ақ, шаруалар арзан импорт жағдайында нарықтар бұрмаланулар мен төмен бағаларға тап болғанын айтады. Сонымен қатар , олар құжаттама көлемінің өсіп жатқанына қарсы. Ал, Польшалық шаруалар әлі де ереуілдерді тоқтатпайтындарын айтуда.