2025 жылдың 28 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасының медиа жоспарына сәйкес, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математикалық бөлімінің ұйымдастыруымен №173 мектеп-лицей базасында  Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология, география пәні мұғалімдеріне «Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудағы жаратылыстанудың практикалық рөлі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум мақсаты функционалдық сауаттылық мәнін пәндік құзыреттілік мәнінде практикалық апробациялау. Семинарға 83 мұғалім қатысты.

Семинар-практикумның кіріспе бөлімінде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Н.Б.Жакыпова жаратылыстану сауаттылығының құрылымдық маңыздылығына тоқталып, сабақ барысында құрастырылған тапсырмалар оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті. 

Семинар-практикумның тәжірибелік алаңы төрт аудиториялық секциялық жұмыста топтастырылды.

Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде физика, химия, биология және география пән мұғалімдерінен құралған тренерлер, өздері құрастырған, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалармен таныстырып, тапсырма әзірлегу арналған 5 қадамын ұсынды:

1)           Тақырыпты таңдай отырып контекстты анықтау (тақырып қызықты, өзекті болуы керек);

2)           Тақырып бойынша мәліметтермен танысу (әртүрлі мақалалар);

3)           Зерттеу мәселесі негізінде білім мазмұнын анықтау;

4)           Алынған мәліметтерді интерпретациялау;

5)           Мәселелерді шешу үшін, PISA құзіреттіліктеріне негізделген тапсырмаларды дайындау.

Тәжірибе топтық форматта ұйымдастырылды. Тапсырма құрастырудың 5 қадамына сүйене отырып, «Ығалды ауа», «Қышқыл жаңбыр», Сүтсіз және вегетариандық диеталарды таңдау», «COVID-19 пандемиясы», «Речные экосистемы под угрозой», «Использование удобрений в сельском хозяйстве» тақырыптары бойынша құрстырылған тапсырмалардың білім, контекст және құзіреттілік түрлерін анықтап, тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау барысында жаһандық мәтіндердің берілу ерекшеліктеріне тоқталып, жаратылыстану сауаттылығы бойынша құрастырылатын тапсырмалардың  ерекшеліктерін талдап, өз ойларымен бөлісіті. Сонымен қатар, тапсырма дайындауда жаратылыстану сауаттылығын жобалау әрекеттері мен зерттеулердің қолданыс мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.

Семинар-практикум қорытындысында физика пәні әдіскері Жақыпова Н.Б. қатысушылармен жаратылыстану сауаттылығы бойынша жүргізілетін тапсырмалардың деңгейлері туралы тематикалық кері байланыс өткізіп, қатысушылармен фронтальды сауалнама өткізді.

Семинар-практикум қатысушылары тәжірибелік алаңда жаратылыстану сауаттылығын дамытудың толық практикалық жұмыстарын қолданып, ұйымдастырушылар мен тренер-сарапшыларға алғыстарын білдірді.