Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль мен Хамас арасындағы соғыста атысты тоқтатуға шақырды. Бас ассамблеяның сессиясында бұл қарарды ұйымның 153 өкілі қолдады. 23 мемлекет қалыс қалды, сегіз ел, оның ішінде Израиль мен АҚШ қарсы болды.
Вашингтон жақында Қауіпсіздік кеңесінде осындай резолюцияға вето қойды. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд дауыс беру алдында Бас ассамблеяда АҚШ қолдаған резолюцияның Газа секторындағы ауыр гуманитарлық жағдайды жедел шешу, бейбіт тұрғындарды қорғау және кепілге алынғандарды босату қажеттілігі сияқты аспектілері бар екенін айтты.
ЛИНДА ТОМАС-ГРИНФИЛД БҰҰ-ДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ Қазір кез келген атысты тоқтату жақсы,болмаса қауіпті болар еді. Шабуылға ұшырайтын израильдіктер үшін және ХАМАС-тан азат, өздері үшін жақсы болашақ құру мүмкіндігіне лайық палестиналықтар үшін қауіпті.
Бас Ассамблеяның қарарлары міндетті емес, бірақ соғысқа жаһандық көзқарасты көрсететін саяси салмаққа ие. Қабылданған құжат барлық кепілге алынғандарды дереу босатуды және соғысушы тараптардың халықаралық құқықты, бейбіт тұрғындарды қорғауға қатысты талаптарын сақтауды талап етті.
Пәкістанның БҰҰ-дағы елшісі Мунир Акрам қақтығысқа «екі тарапты да кінәлау керек» деді.
МУНИР АКРАМ ПӘКІСТАННЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ: Мен бұл мүшелердің барлығы Израильді қоспағанда, тек ХАМАС-ты кінәлауға келіспейтініне сенімдімін. Бұл әділетсіз және теңсіздік болар еді.
АҚШ пен Израиль атысты тоқтатуға қарсы, өйткені олар мұның тек Хамасқа пайда әкелетініне сенеді. Оның орнына Вашингтон бейбіт тұрғындарды қорғау және 7 қазанда палестиналық содырлар кепілге алған адамдарды босатуға мүмкіндік беру үшін шайқаста үзіліс жасауды қолдайды.
ГИЛАД ЭРДАН ИЗРАИЛЬДІҢ БҰҰ-ДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ «Бітім бір ғана нәрсені білдіреді: Израиль мен еврейлерді жоюға тырысатын геноцидші лаңкестер Хамастың аман қалуын қамтамасыз ету. Хамастың жарғысы мұны анық көрсетеді. Ал Хамас жетекшілері 7 қазан жай ғана репетиция екенін ашық айтты».
Бүгінде Газаның 2 миллион 300 мың тұрғынының көпшілігі үйлерін тастап кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымы анклавтағы гуманитарлық жағдайдың ушығып бара жатқанын, жүздеген мың адам аштыққа ұшырап жатқанын айтып отыр. Осы арада гуманитарлық көмек тасымалдаған 197 жүк көлігі тексеріліп, Газаға жіберілді. Бұл туралы Израильдің палестиналықтармен азаматтық үйлестіру агенттігі хабарлады.
Жаңа жүйе бойынша жүк көліктері Израиль, Газа секторы және Мысыр шекарасындағы өткізу бекетіне Иорданиядан келіп, одан кейін Рафахтан Газа секторына кіреді.