Бейсеннің бейнесі. Талдықорғанда оқушылар арасында өткен Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының жүлдегерлері анықталды. Дәстүрлі түрде өтетін жарысқа аудан қаладан 80 ге жуық оқушы қатысты.

Бейсен Құранбек бір сөзінде "егер маған өмір сүруге тағы аз ғана уақыт берсе жас балаға қанат берер едім және оны ұшуға өзім баулитын едім" деп еді. Тележурналистикасының шоқ жұлдызы жастарға жанашыр болатын. Жанам деген жүрекке от беретін нар тұлға -тын. Журналистика қайраткерінің құрметіне жетісулық оқушылар жыл сайын шығармашылық бәсекеге түседі. Сөйтіп болашақта тілші, тележүргізуші болғысы келетін дарынды балалар сыналады, шыңдалады.

ГҮЛМИРА ЗЕРБАЙ Б. ҚҰРАНБЕКТІҢ ЖАРЫ

Бейсекен атына ұйымдасқан байқау биыл 4 рет өткізіліп отыр. Бірінші кезекте осы байқауды ұйымдастырып жатқан білім басқармасына дарын орталығына алғыс айтам. Орында бар орын алар Бейсекенннің өзі кетсе де ізбасарлары өсіп келеді...

Аружан Мансұрова Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушысы. Бәсекеде де оза шауып, жүлделі 1 орынды иеленді. Дара тұлғаның тілшілік тіршілігін, азаматтық болмысын зерттеп, 1 айға жуық дайындық үстінде болғанын айтады.

АРУЖАН МАНСҰРОВА ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Бұл байқау мен үшін өте ерекше байқау болып тұр. Бірінші қатысып жатқандықтан өте қобалжу болды. Бұл байқауда мен Бейсен ағамыз жайында өте көп мәлімет білдім. Ол кісі дана кісі болған. Әр бір сөзі, әр бір жасаған іс әрекеті барлық адамның қолынан келмейді.

Шығармашылық байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең оқушылар бейнематриал әзірлеп жарысқа түсті. Екінші турда шәкірттер Бейсен Құранбектің болмысын ашып қағазға түсірсе, 3 аталымда арда азаматтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жалпы, дүбірлі додаға облыстық «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы мұрындық болды.

МҰХИТ ТОҚТАСЫН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Ең бірінші назар аударғанымыз тақырыпты аша алғандығына. Өте креативті жасауға тырысқан. Мысалы 3 турдан тұрды делік. Біреуі видеоролик. 80 астам жұмысты бақылады. Сапалы бейнекадр, сапалы дыбыс, сапалы музыка деп. Осыны үйлесімін жасаған Бейсен ағаның өмірінен сыр щшеткен 5 минутқа сидырған жұмыстар бар.

4-ші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 78 оқушы қатысты. Үздіктері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Үлкен ізденіске түсіп Бейсен болмысын ашуға тырысқан өзге қатысушыларға да құрмет көрсетілді. Айта кетейік, Бейсентану ілімі негізінде қолға алынған бұл байқау келер жылы да жалғасады.