БҚО 12 мың тұрғыны бар Подстепное ауылының жағдайы мәз емес. Елдімекеннің жартысын су алған. Ауылға қатынас қиындаған,қуантарлығы адам шығыны жоқ.

Баспаналарын су басып естері ауған тұрғындар өздеріне келе алмай отыр. Апаттан еш хабарсыз болған олар,бала-шағамызбен әзер шықтық, ешкім көмекке келмеді,-деп шағымдарын жеткізді.

САНДУҒАШ РАХМЕТОВА ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Орын алған жағдайға байланысты БҚО-да 4 мың адам қауіпсіз аумаққа көшірілген. Оның 2 мыңы - бала. Қазір үйлері суға кеткен тұрғындар ауылдағы колледж жатақханасына орналастырылған. 

САҒЫНГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қиын қыстауда қалған қараша халыққа дәрігерлер тарапынанда қызметтер көрсетілуде.

АЯГӨЗ АЙБЕКҚЫЗЫ ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ

РУСЛАН ҚАДЫРЖАНОВ ТЕРЕКТІ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Елдімекеннің жартысына жайылған су қалған аумаққа қауіп төндірмес үшін тұрғындар өз күштерімен құм толтырылған қапшық төсеп жанталасуда.

САҒИДОЛЛА ИЗДЕЛЕЕВ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жағдайды тұрақтандыру үшін 40 техника, 20 мотопомпа, 150 жеке құрам жұмылдырылған. Тасқынның әсерін азайту үшін төтеншеліктер қарғын суды жолдың екінші бетіндегі сайға ағызбақшы болғанымен, Таити ауданы тұрғындарының үйлеріне қауіп төндіре ме деген қауіп туындаған.

ЕЛУБЕК ЖАНҰЗАҚОВ ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ

Осылай деп наразылық тудырған тұрғындардың пікіріне мамандардың жауабы мынадай

РАШИД БЛЯЛОВ БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өңірде  көлік қатынасы қиындаған елдімекендерге азық-түлік тікұшақтың көмегімен жүзеге асырылуда. Жағдай күрделеніп Теректі ауданының Ұзынкөл және Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдарында тасқын су басты. Орын алып жатқан қиындықтар қатаң бақылауға алынып отыр.