БҚО бойынша жалпы бюджет резервінен төтенше жағдай салдарын жоюға 3,5 млрд тг қаражат жұмсалған. Тасқын су кесірінен бүлінген трансформаторлар мен электр жүйелеріне  -  287 млн тг, мал шығындарына - 187 млн тг, шұғыл түрде 100 айлық есептік көрсеткіш өтемақы төлеуге қала бюджетінен 3 млрд тг бағытталып отыр. Қазіргі таңда су басқан аумақтарда шығын көлемін нақтылау бойынша Орал қаласында 15 комиссия жұмыс жасауда.

Баспанаға су кірген жағдайда  комиссия үйдің іргетасына ылғал әсер ету деңгейін тексеру үшін еденді ашып қарау секілді жіті бағалау жұмыстарын жүргізеді. Кейін арнайы жүйеге бағалаушылар тексеріс нәтижесін жүктейді. Жауапты қызметкерлер зардап шеккен тұрғынның аты-жөні және ЖСН нөмірін қолданып кіру арқылы керекті мағлұматтармен таныса алады.

ТІЛЕПБЕРГЕН КАЮПОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біздің қазіргі жеке үй салушылар бар ғой тұрғындар, солармен жұмыстанып жатырмыз. Кімде қандай мүмкіндік бар, қысқа мерзімде аяқталатын құрылыс бойынша. Сонымен қатар Орал қаласының айналдырасындағы Теректі ауданының және Бәйтерек ауданының аумағында орналасқан мысалы Трекино, Мичурино, Подстепное тағы ауылдық жерде бос тұрған, инженерлік желілері салынып қойған, күні бүгінге бос тұрған жерлерге үй салу арқылы мәселені қарау».

Егер зардап шеккен тұрғынның жалғыз үйі суға кеткен болса, өзінің сол саяжайдағы учаскесін үкіметке тапсырған соң ғана оның атына үй рәсімделеді. Су басқан баспаналарды бағалау жұмысы әлі толық бітпеген. Ал аудандарда жарамсыз деп танылған үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
 
ТІЛЕПБЕРГЕН КАЮПОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Саяжайдың барлығын тұрғын үйге айналдырып жібермеуіміз керек. Оның сыртында кез келген адамның қалада үйі бар, саяжайына барып өзінің көкөністерін егіп, саяжайды саяжай етіп пайдаланғысы келетін адамдар бар. Сондықтан біз саяжайды осындай жағдайға пайдаланып, мүлдем жабу керек. Ол көктемде су басады, жазда кетеді, бау-бақшасын салады, күзде өнімін жинап алып, жауып, қыста өзінің тұрғылықты үйінде тұратын жері. Сондықтан да мұның барлығы қайтып саяжайға айналып кетеді деп қорықпау керек. Бұл біздің күнделікті өмірімізге қажет аумақ». 

Өңірде барлығы 1497 тұрғын үйді су басса, оның 456-сы комиссия шешімімен тұруға жарамсыз деп бағаланып отыр.