Қызылорда қаласының 34 жасар тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сатпақшы болған жерінде ұсталды. Ол синтетикалық нашаны заңсыз саудалап, оңай жолмен ақшаға кенелмек болған. Ер азаматты тінту кезінде ұнтақ салмағы 261 грамм болатын психотроптық зат табылып, тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Есірткіге қарсы кез келген іс бойынша жаза ауыр екенін ескертеміз!

ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  «Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іхдестіру шаралары нәтижесінде Қызылордалық 34 жасар ер азаматты ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторын оқшауландырылды, тінту жалғасуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабы бойынша өзге ақпарат жариялауға жатпайды»