Қыс қаһарына мінді. Алда аяз тағы күшейеді. Бүгін және ертең 44 градусқа дейін күн суытуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандары осылай деп болжайды. Жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман болады деп күтілуде. Сондықтан, мамандар асығыс жұмысыңыз болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес береді. Кешелі бері апта басталғалы астаналық оқушылар мектепке бармады. Аяз басылғанша қашықтан оқу жүйесі енгізілді. Ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыстың республикалық жолдары жабылды. Астана маңына қатынайтын автобустар да тоқтады. «Жолға шықпаңыздар» деп ескерту жасалса да, халық оған құлақ асар емес. Өткен тәулікте жол бойында қалған 60-қа жуық адам құтқарылды. Оның 12-сі бала.

БАҚЫТЖАН ҚАНАТҰЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

«Температураға келер болсақ 12-13 желтоқсан күндері түнгі температура орталықта, солтүстік-батыста 25-38 градус аяз, солтүстікте 30-38 градус аяз, шығыста 20-38 градус аяз болады, қиыр солтүстікте , солтүстік-батыста 40-44 градус аязға дейін барады. 14 желтоқсаннан бастап Арктика Антициклоны солтүстік-шығысқа қарай ығысып, Антициклон ортасы Шығыс Қазақстанның үстіне тура келеді. Соған байланысты еліміздің қалған бөліктеріне қатты суық емес ауалар еніп, температураның көтерілуі болады, түнгі сағаттарда батысымызда 5-16 градус аяз, солтүстік-батыста 15-35, солтүстікте 25-38 градусқа дейін аяздың беті қайтады».