"
Колледжге түсетін түлектер назарына! Енді бұдан былай елімізде колледжге құжатты онлайн тапсыруға болады. Ол үшін тек электронды қолтаңбаңыз бен компьютер немесе сматрфоныңыз болса жеткілікті. Бұрынғыдай оқу орнына барып, уақыт кетірудің еш қажеті жоқ. Құжат тапсырумен қатар одан өзге де қызметтерді онлайн алуға болады. Бұл жаңашылдық туралы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады.
НҰРШАТ АЙТБАЕВА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ «Жобаның басты ерекшелігі – құжаттар eGov.kz порталы арқылы тапсырылатын болады. Жаңа жүйе оқуға түсуге өтініш беруді оңтайландырып қана қоймай, өтініш берушілерге қосымша қызметтерді де бір уақытта алуға мүмкіндік береді. Тағы бір ескерерлігі қызмет алушы техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау бөлімінде өтініш берген кезде жатақханадан орын алу және тегін тамақтануды бірден көрсете алады. Бұл жаңашылдықтар талапкерлер мен олардың ата-аналарының уақытын үнемдеп, құжат қабылдау процесін қолайлы етеді».