БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясын орындауға мандат берді. Бірінші рет қол жеткізген құжаттың маңыздылығын Қорғаныс министрі Парламент қабырғасында баяндады.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясына мандат бергенін айтты. Әрі мұндай жағдайдың бірінші рет қол жеткізілгеніне тоқталды.
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ
Сонымен қатар, министр, Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери тартылатынына да тоқталды. Әрі конституцияның 53-бабының 5-тармақшасы бойынша, БҰҰ мынадай миссиясына қатысатынын тарқатып берді. Яғни, бірінші — Голан биіктігінде бөлінуді бақылау күштеріне, екінші — бітімге келу шарттарының орындалуын байқау органына, үшінші — Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға және төртінші — әуедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету уақытша күштеріне қатысу үшін саны 430 адамнан аспайтын контингентті жіберу туралы ұсыныс енгізілмек.
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ
Өз кезегінде депутаттар ел мәртебесінің әлемдік аренада тәуелсіз бітімгершілік миссиясымен арта түсетінін, қолдау білдіретіндерін айтты.
АЙГҮЛ ҚАППАРОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
АЙГҮЛ ҚҰСПАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Сөз соңында, Қорғаныс министрі БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына жіберілетін тұңғыш дербес контингентке бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын баяндап берді. Сөзінше бұл ақшаның бәрі бюджетке салынған. Бір жыл бойында әр әскери жауынгер ай сайын 1 мың доллар алып отырмақ.