Маңғыстауда аққулардың қырылуына құс тұмауы себеп болған. Орнитологтар мен жергілікті мамандардан құралған жұмыс тобы осындай қорытындыға келді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері мен аққулардан басқа құстардың зардап шекпеуі бұған дәлел, - дейді мамандар. Бүгінде қырылған аққу саны 1018-ге жетті. Оның 40 шақтысы Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғандары «Қаракөл» көлінен табылған. Жалпы аймақта соңғы санаққа сәйкес, 50 мың аққу қыстап жатыр. Соның 2 пайызы өлген. Өңірде үй құстарының арасында құс тұмауы тіркелген жоқ. Десе де, қосалқы шаруашылықтардағы үй құстарына мониторинг жалғасып жатыр.
ВИКТОРИЯ КОВШАР — ОРНИТОЛОГ: «Құс тұмауы бүкіл әлемде бар. Каспийде де тіркеліп жүр. Мысалы, 2 жыл бұрын аққудың қара бас түрі мен чеграва тұқымдарының жаппай қырылғанын білеміз. Қаракөл көлінде аққулардың өлімі ерекше жағдай емес. Мұнда қысқа нашар дайындалған жас құстардың өлгенін көріп отырмыз. Бұл табиғи процесс».