Отандық кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау керек. Әйтпесе, шет елдік импорттаушылардың мұңын мұңдап, жырын жырлайтындар, қазақстандық бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Қазақтар да ауыл шаруашылық техникасын жасай алады. Тек қолдау жетіспейді дейді Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев.
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Біздің өз металымыз жеткілікті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасына арналған жоғарғы технологиялық жабдықты талап етпейтін қарапайым, қосалқы бөлшектерді өндіруге болады. Алайда өндіріс үшін шикізатты Ресей Федерациясынан сатып аламыз. Көрші елдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ретте кейбір біздің үзеңгілес әріптестеріміз шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушылардың жырын жырлап, мүдделерін қорғап жүр. Бұл тірліктері Мемлекет басшысының отандық өндірушіні қолдау саясатына қайшы келіп, саясатты іске асыруға кедергі келтіруде».
Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша тракторлардың тозуы 80 пайыз, комбайнның тозуы 72 пайызды құрайды. Жалпы алғанда бүкіл парктың орташа тозу деңгейі 76 пайыз. Яғни, әбден ескірген. Сондықтан, депутаттар техниканы жаңартпай еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес деді. Ол үшін Үкімет жеңілдетілген лизингке бөлінетін қаржыны ұлғайту керек деп санайды.