Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық деңгейі бірнеше есе өсуіне байланысты елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қайтыс болады. Алматыда бұл көрсеткіш жыл басынан бері 8000-нан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4% - ға жоғары.Мұндай статистиканы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық кардиологиялық орталығы директорының медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлия Әбенова келтірді.

ӘЛИЯ ӘБЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жүрек және қан тамырлары аурулары Қазақстан халқының, оның ішінде Алматы қаласында да өлім-жітім себептері бойынша басым болып тұр. Мәселен, 2023 жылдың 6 айында Алматыда қан айналымы жүйесі аурулары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 8443 адамды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% - ға жоғары. Бұл динамика пациенттердегі жүрек-қан тамырлары патологиясының медициналық профилактикалық тексерулер кезінде немесе медициналық мекемелерге жүгінген кезде жиі анықталатындығына байланысты. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ересек тұрғындардың белгілі бір топтарының скринингі аясында алғаш рет жүрек-қан тамырлары ауруларының 6114 жағдайы анықталды».

Елімізде «2022-2023 жылдарға арналған қан айналымы жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы»  жұмыс істейді.Қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға арналған cкрининг 40-70 жас аралығындағы емханада тіркелген жері бойынша жүргізіледі. 6 айдың қорытындысы бойынша Алматыда мақсатты топтың 68% - ы скринингпен қамтылған.
 

ӘЛИЯ ӘБЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Соңғы уақытта біз жүрек-қан тамырлары ауруларының жастар арасында да  көбейіп келе жатқанын байқадық. Басқаша айтқанда, ауру жасарып келеді. Бұған себеп жүрек қан тамыр ауруын жасқа байланысты және өркениет ауруы  дейтінбіз. Әсіресе ер адамдардың арасында өте жиі таралғанын байқаймыз.»

Бұл ретте алматылықтар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан ең көп таралғаны - артериялық гипертония. Онымен барлық жүрек-қан тамырлары ауруларының шамамен 50%-ы байланысты.Артериялық гипертонияны жеке ауру ретінде де, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі және инсульттің дамуына әкелетін жеке қауіп факторы ретінде де қарастыруға болады.Айта кету керек, қалада жедел коронарлық синдромы бар науқастарды қабылдайтын 6 шұғыл катетеризация зертханасы ашылды. Сарапшы тұрғындарға салауатты өмір салты жүрек ауруының алдын алудың негізі екенін еске салды. Жүрек ауруының алдын алу үшін келесі кеңестер ұсынылады:
Тамақтануды қадағалау

Үнемі спортпен шұғылдану

Ұйқыны қандыру

Жаман әдеттерден бас тарту

Стресстен аулақ болу.