"

Тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін 18 жастағы Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Жас жігіт әлеуметтік желі арқылы діни алауыздыққа шақыратын яғни тыйым салынған діни материалдарды таратып келген. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра тауып, оларды толық тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция ескертеді. Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын кез келген іс қылмыс болып саналады.